ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ БОЙЫНША ШЫҒЫС ЕУРОПА КУБОГЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

27.03.2024_01.jpg

 

22-27 наурызда Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында шаңғы жарысы бойынша Шығыс Еуропа Кубогының III кезеңі өтті. Жарысқа Қазақстан мен Үндістаннан келген спортшылар қатысты. Халықаралық жарыстар аясында скиатлон, спринттер, еркін жүріс, жеке жүріс және масс-старттар өтті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарында Олжас Климин, Наиль Башмаков, Федор Карпов, Алмас Каримов, Святослав Матасов, Владислав Ковалев, Дидар Касенов, Ернұр Бексұлтан, Надежда Степашкина, Ангелина Шурыга, Айша Ракишева, Дарья Ряжко, Анна Мельник, Ксения Шалыгина.

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша Олжас Климин ерлер арасында Шығыс Еуропа Кубогының көшбасшысы атанды. Әйелдер арасында Ангелина Шурыга осы атағына ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, 2023-2024 жылдардағы қысқы жарыс маусымында Шығыс Еуропа Кубогының 3 кезеңі өтті. Олардың екеуі - 2023 жылдың желтоқсанында, соңғы кезеңі - 2024 жылдың наурызында. Барлық жарыстар Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында өткізілді.

Шаңғы жарысы бойынша Шығыс Еуропа Кубогы - бұл Әлем Кубогына қатысу үшін қосымша атаулы квоталар ойналатын кезеңдік жарыстар.