ЖҮЗУДЕН ТУРНИР ӨТТІ

20.05.2024_01.jpg

 

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында 5-ші сәуірде жүзуден SwimFeelsCup республикалық турнирі басталды. Жарысқа Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен 18 команда - 7 жастан 15 жасқа дейінгі 400-ден астам спортшы қатысады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бірнеше пәндер бойынша анықталады. Турнир басталар алдында жас жүзушілерге «Swim Feels» жүзу клубының негізін қалаушы және жетекшісі Роман Афанасьев пен ҚР бірнеше дүркін чемпионы Екатерина Руденко және ҚСТ ОДО директоры Ардақ Тулендин сәттілік тіледі. Щучинск қаласында жүзуден SwimFeelsCup турнирі екінші жыл қатарынан өткізіліп, жас спортшылар арасында танымал бола бастады. Бірінші жарыс күні 200 м крольмен, 50 м арқамен, 50 м баттерфляй стилімен, 100 м брасс, 100 м еркін жүзу өтті. Жарыс 7 сәуірге дейін жалғасады.