ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАР КЕҢЕСІ

20.05.2024_03.jpg

 

14 Мамырда қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында ҚСТ ОДО директорының м.а. Мұхамед-Рахим Ибраевтың төрағалығымен жаттықтырушылар құрамы мен спорт түрлері бойынша федерациялар өкілдерінің қатысуымен жаттықтырушылар кеңесі өтті. Кеңес барысында ҚСТ ОДО спорт түрлері бойынша аға жаттықтырушылар 2023-2024 жж. қысқы жарыс маусымында спортшылардың жұмыс қорытындылары мен өнер көрсетуі туралы есеп берді, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге кедергі келтіретін әлсіз жақтарын белгіледі, алдағы маусымға спортшыларды қабылдау туралы мәселелерді қарастырды, бірлескен жұмысты жақсарту бойынша жоспарлар мен ұсыныстарды және халықаралық старттардағы спортшылардың нәтижелерін талқылап өтті.