ҮЗДІК СПОРТШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

20.05.2024_05.jpg

 

2023-2024 жылдардағы қысқы жарыс маусымының қорытындысына арналған жаттықтырушылар кеңесі аясында халықаралық аренада үздік нәтиже көрсеткен спортшылар мен олардың тәлімгерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Тұғырдан шаңғымен секіру бойынша аға жаттықтырушы Қайрат Биекенов “Үздік жаттықтырушы” оның тәрбиеленушісі Илья Мизерных “Үздік спортшы” марапатына ие болды. «Қанатты» шаңғышылар командасы да ҚСТ ОДО-ның үздік спорт бөлімшесіне айналды. «Жыл серпілісі» номинациясын шорт-трекші Полина Омельчук жеңіп алды. Спортшылар мен жаттықтырушылар мақтау қағаздарымен, арнайы кубоктармен және спорттық жабдықтар мен керек-жарақтарды сатып алуға сертификаттармен марапатталды.