кадрлық тағайындаулар

10.06.2024_01.jpg

 

Тахир Казбекович 1979 жылы  7 желтоқсанда Астана қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Мемлекеттік Ақмола қаржы-экономикалық колледжін «Кедендік іс» мамандығы бойынша; 2001-2004 жылдар аралығында Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Кедендік іс» мамандығы бойынша; 2008-2010 жылдары М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша; 2016-2018 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолы

2004-2006 жж. Қарағанды облысы бойынша «Астана Нан» ЖШС өңірлік өкілі;

2007 ж. «Спорт Инвест» МКҚК спорт бойынша нұсқаушы-әдіскер;

2007-2008 жж. БЖСМ ММ бокстан жаттықтырушы-оқытушы;

2008-2016 жж. Қостанай, Астана, Есіл қалаларындағы ҚТЖ ҰК АҚ филиалдарының қызметкері;

2016-2019 жж., 2021-2022 жж. «Көкшетау жылу» ШЖҚ МКК бас директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары;

2019-2021 жж. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Бурабай» БЖСМ КММ директоры;

2022-2023 жж. Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Оқжетпес» БЖФМ ШЖҚ МКК директоры;

2023-2024 жж. «Астана»  олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директорының орынбасары;

2024 жылғы 31 мамырдан бастап «Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директоры.