Қазақстандық «қанатты» шаңғышылар Щучинск қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді

13.06.2024_01.jpg

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының директоры Тахир Шакенов шаңғымен тұғырдан секіруден ҚР ұлттық штаттық және ұлттық жастар құрамаларының мүшелерімен кездесті. Командалар қазіргі уақытта Щучинск қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Тахир Қазбекұлы қазақстандық «қанатты» шаңғышылармен танысып, оларға әлемдік аренада спорттық табыс тіледі. Спортшылар өз кезегінде Орталық басшылығына австриялық «CYCCESS» компаниясының жаңа платформасын - жаттығуларды өткізуге арналған жаңа буынның өлшеу жүйесін көрсетті. Аталған платформасын сатып алу ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының қолдауымен, Илья Мизерных Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының «қанатты» шаңғышысы 2024 жылғы қысқы Жасөспірімдер олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алғаннан кейін мүмкін болды. Бұл платформада спортшы 4 әрекет жасап, содан кейін бағдарлама жеке жаттығу жоспарын береді, - дейді шаңғымен тқғырдан секіру бойынша аға жаттықтырушы Қайрат Биекенов. - Әр 2-3 апта сайын біз платформада жаңа тест өткіземіз. Оның нәтижелері бойынша спортшы жоспарды қалай орындағанын және жұмыстың дұрыс жүргізілгенін талдаймыз. Бұл платформа бізге алдағы уақытта да ірі халықаралық жарыстардың медальдарын жеңіп алуға көмектеседі деп ойлаймын.