Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы базасында медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Медициналық-қалпына келтіру орталығының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен ҚСТ ОДО директоры Тахир Шакенов құттықтады. - Медицина - адам денсаулығы үшін үлкен жауапкершілік, - деді Тахир Казбекович. - Мамандық таңдағаныңыз үшін рахмет. Бізбен бірге болғаныңыз үшін рахмет! Әрқашан өз ісіңіздің шебері болыңыз! Салтанатты шарада медицина қызметкерлеріге туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың және Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы басшылығының Алғыс хаттары табысталды. ҚСТ ОДО жанындағы Медициналық-қалпына келтіру орталығында 20-дан астам жоғары білікті маман жұмыс істейді. Олар спортшыларға жарыстарға дайындалуға, жарысы немесе жаттығу кезінде жарақат алған кезде көмек көрсетуге, медициналық тексеруден өтуге және қалпына келтіруге көмектеседі. Орталықтың медициналық қызметкерлері Щучинск қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін де қызмет көрсетеді Медицина қызметкерлерінің күні бірінші жаз айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Биылғы жылы мереке 16 маусымға сәйкес келді. Құрметті біздің дәрігерлер, сіздерге күнделікті жанқиярлық еңбектеріңіз бен отандық медицинаға қызметтеріңіз үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер. Мейрамдарыңызбен!