спорттық іс-шаралар

21.06.2024_05.jpg

 

19 маусымда қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында Халықаралық Олимпиада күніне орай трамплиннен шаңғымен секіру бойынша ҚР ұлттық және жастар құрамаларының ашық жаттығуы өтті. Мереке қонақтары үшін жергілікті көркемөнер ұжымдарының концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды. Трамплинде жасөспірімдер арасындағы Олимпиада чемпионы Илья Мизерных, Дүниежүзілік Универсиада-2023 және FIS кубогы кезеңінің жеңімпазы Данил Васильев, Дүниежүзілік Универсиада-2023 күміс жүлдегері Сергей Ткаченко және басқа да спортшылар өз шеберліктерін көрсетті. Ашық жаттығу кезінде көрермендер арасында викторина өткізілді, жеңімпаздар трамплиндер кешенінің мұнарасына көтеріліп, құс ұшатын биіктіктен қаланы және қазақстан спортшыларының секіруін тамашалай алды. Жаттығу соңында «қанатты» шаңғышылар Щучинск тұрғындары мен қонақтарына алғыстарын білдірді. Мұндай көрермендер назарының халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсетуге одан да үлкен мотивация беретінін атап өтті.