Қазақстандық «қанатты» шаңғышылар FIS Кубогында өнер көрсетті. Жарыс 9-10 тамызда Германияда (Хинтерцартен қ.) өтті. Жарысқа Австрия, Германия, Қазақстан, Канада, Қытай, Польша, Румыния, Словакия, Словения, Украина, Франция, Швеция және Эстониядан 100-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс Normal Hill HS109 тұғырында өтті. Бірінші жарыс күні Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының «қанатты» шаңғышысы Илья Мизерных 10-шы орынды иеленді. Келесі стартта ол өз нәтижесін 8-ші орынға дейін жақсартты. Сонымен қатар, FIS Кубогында ең мықты ондыққа қазақстандық спортшы Данил Васильев кірді.