ШАҢҒЫ РОЛЛЕРЛЕРІНЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ-2024

16.08.2024_03.jpg

 

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында Шаңғы роллерлерінен Әлем Кубогының II кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Беделді халықаралық спорттық іс-шарада спортшыларға Олимпиада чемпионы Владимир Смирнов, ҚР Ұлттық шаңғы қауымдастығының Бас хатшысы Асқар Валиев, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова табыс тіледі. Естеріңізге сала кетейік, шаңғы роллерлерінен әлем Кубогының II кезеңі 14 тамызда Щучинск қаласында басталды, жарысқа әлемнің 7 елінен, соның ішінде Қазақстан, Италия, Швеция, Латвия, Норвегия, Таиланд, Қырғызстаннан үздік шаңғышылар қатысады. Халықаралық старттар 18 тамызға дейін жалғасады. Ұйымдастыру комитеті ҚР Туризм және спорт министрлігіне, Самұрық-Қазына ҰӘҚ АҚ @samrukkazyna_official @sportqory спортты қолдау қорымен бірлесіп жарыстарды өткізуге қолдау көрсеткені үшін жеке алғыс білдіреді.