ШАҢҒЫ РОЛЛЕРЛЕРІНЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ-2024

16.08.2024_05.jpg

 

Шаңғы роллерлерінен Әлем Кубогының II кезеңі аралас командалық спринтпен жалғасты. Финалдық жарыстарға Қазақстан, Италия, Латвия, Швеция, Норвегия, Қырғызстан және Таиландтан 7 команда қатысты. Жасөспірімдер арасындағы жарыс қорытындысы бойынша көшбасшылар үштігінде:
1 Қазақстан-1 (Анастасия Хвощенок, Әмірғали Мұратбеков)
2 Италия (Анна Мария Гидди, Стефано Эпис)
3 Қазақстан-2 (Айдана Чонконова, Еділбек Елубаев) Ересектер тобында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасында:
1 Швеция-1 (Линн Семскар, Симон Карлсон)
2 Қазақстан-2 (Дарья Ряжко, Ернар Нұрсбеков)
3 Швеция-2 (Эбба Штенман, Эрик Франсон). Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасында шаңғы роллерлерінен әлем Кубогының II кезеңінің 4 жүлдесі бар, ол суперспринттегі «күміс», командалық старттарда «алтын» және тағы 3 «күміс». Шаңғы роллерлерінен әлем Кубогының II кезеңі 17 тамызда жалғасады. Спортшылар жеке жарыстарда өнер көрсетеді. Ұйымдастыру комитеті ҚР Туризм және спорт министрлігіне, Самұрық-Қазына ҰӘҚ АҚ @samrukkazyna_official @sportqory спортты қолдау қорымен бірлесіп жарыстарды өткізуге қолдау көрсеткені үшін жеке алғыс білдіреді.