ШАҢҒЫ РОЛЛЕРЛЕРІНЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ-2024

16.08.2024_07.jpg

 

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шаңғышылары Әлем Кубогының алғашқы «алтынын» жеңіп алды. Бірінші орынды аралас командалық спринтте Анастасия Хвощенок пен Әмірғали Мұратбеков ұтып алды. Тұғырдың екінші сатысында итальяндықтар Анна Мария Гидди және Стефано Эпис орналасты. Үшінші орында қазақстандық шаңғышылардың тағы бір командасы - ҚСТ ОДО спортшысы Айдана Чонконова мен Еділбек Елубаев ұтты.