ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ

25.04.2025_17.jpg

 

5-13 ақпанда Павлодарда шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының жасөспірімдер чемпионаты өтті. Республикалық біріншілік аясында жарыстарда классикалық және еркін стильде, спринтте және эстафетада жеңімпаздар анықталды. Жарысқа Қазақстанның 13 өңірінен 13-18 жас аралығындағы 450-ге жуық спортшы қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шаңғышылары жеке жарыстарда 3 күміс медаль жеңіп алды. Вадим Козлов спринтте екінші нәтиже көрсетті. Евгения Вадутова - спринт және еркін жарыс жүлдегері. Сондай-ақ, спортшы Қарағанды облысының командасымен бірге эстафетада алтын медаль жеңіп алды.