ШАҢҒЫМЕН ТҰҒЫРДАН СЕКІРУ

25.04.2025_19.jpg

 

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының «қанатты» шаңғышылары жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында өнер көрсетті. Жарыстар 12-16 ақпанда АҚШ-та өтті. Медальдар жеке сынақтарда және командалық секірулерде ойналды. Әлемдік біріншілікке Австрия, Германия, Италия, Қазақстан, Канада, Норвегия, Польша, Румыния, Словения, Словакия, Украина, Финляндия, Франция, Чехия, Швейцария, АҚШ, Эстония, Жапония спортшылары қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар арасында Илья Мизерных үздік нәтиже көрсетті. HS-100 тұғырдан секіруде ол мүмкін 57-ден 11-ші орынға ие болды. Бұл турнирде Австрия өкілі Стефан Эмбахер көшбасшы болды.