Харбин-2025 Қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының есебінде 20 тұғыр бар. Еліміздің қоржынында төрт алтын, тоғыз күміс және жеті қола жүлде бар. Қазақстандықтар шаңғы жарысы, биатлон, конькимен жүгіру спорты, шорт-трек, фристайл-акробатика, мәнерлеп сырғанау, хоккей сияқты спорт түрлерінде жетістікке жетті. Азиада жүлдегерлерінің қатарында Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары Алина Ажгалиева мен Зейнеп Құмарқан (шорт-трек), Дарья Важенина (конькимен жүгіру спорты), Ардана Маханова және Асылхан Асан (фристайл-акробатика) бар. Азия ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстан жалпы командалық есепте 4-ші орынды иеленді. Үздік үштікте-Қытай, Корея және Жапония. Естеріңізге сала кетейік, IX Қысқы Азия ойындары Қытайда 7-14 ақпанда өтті. Азиада аясында спорттың 11 түрінен жарыс өтіп, 196 медаль жиынтығы ойналды. Харбин-2025 ойындарының қатысушылары Азияның 32 елінен 1000-нан астам спортшы болды.