19-25 ақпанда Риддерде шаңғы жарысынан ҚР Жастар Чемпионаты өтті. Республикалық біріншілік аясында масс-старт, еркін стильдегі жарыс, спринттер және эстафеталар жеңімпаздар анықталды. Жарысқа Қазақстанның 10 өңірінен 150-ге жуық спортшы қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шаңғышылары 29 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 13 алтын, 8 күміс және 8 қола бар. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарында андерлер Дастан Қалибеков пен Сұлтан Базарбеков бар. Жасөспірімдер тобында - Әмірғали Мұратбеков, Павел Гренц, Алексей Нихаенко, Аубакир Тотанов, Григорий Дачкин, Аида Хажиева, Арина Арестова, Алеся Бочкарева, Минура Иважанова, Сабина Сулейменова, Айдана Чонконова. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепті Шығыс Қазақстан облысы жеңіп алды. Екінші орында - ақмолалықтар, үшінші орында - Абай облысының шаңғышылары.