шаңғы жарысы

05.09.2025_01.jpg

 

Щучинск қаласында Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында шаңғы жарысынан ҚР Жазғы Чемпионаты басталды. Республикалық біріншілік аясында шаңғы роллерлерінен Азия Кубогының III кезеңі де өтуде. 4 қыркүйекте спортшылар спринт (FIS) пәнінде өнер көрсетті. Біліктілік стартына Қазақстан, Қырғызстан, Корея, Таиланд, Филиппин, Үндістан, Моңғолия және Қытай Тайбэй елдерінен 160-тан астам спортшы шықты. Соңғы спринт жарыстарының қорытындысы бойынша ерлер арасында жеңімпаз атанды Дастан Калибеков, әйелдер арасында – Анна Мельник. Сонымен қатар жүлдегерлер арасында Егор Степанов, Святослав Матасов, Дарья Ряжко, Дарья Ким. Ертең, 5 қыркүйекте ҚР чемпионаты аясында жеке жарыстардың көшбасшылары еркін стильде анықталады. Жарыс FIS мәртебесіне ие, спортшылардың нәтижелері шаңғы роллерлерінен Азия Кубогы есебіне өтеді.