5 қыркүйекте қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында шаңғы жарысы бойынша ҚР чемпионаты аясында еркін стильдегі жеке жарыстар (FIS) өтті. Жарысқа 9 Азия елінен 160-тан астам спортшы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік үштікті құрады:
Ерлер:
1 Наиль Башмаков
2 Амиргали Муратбеков
3 Никита Гридин
Әйелдер:
1 Дарья Ряжко
2 Анна Мельник
3 Дарья Ким
6 қыркүйекте спортшылар 200 метрге еркін жүгіреді. Жарыс FIS мәртебесіне ие, спортшылардың нәтижелері шаңғы роллерлерінен Азия Кубогы есебіне өтеді.