Щучинск қаласында шаңғы жарысынан ҚР жазғы Чемпионаты жалғасуда. Республикалық біріншілік аясында 6 қыркүйекте 200 м еркін жүріспен (FIS) спринттер өтті. Біліктілік стартына Азияның 9 елінен 90-ға жуық спортшы шықты.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік үштікті құрады:
Ерлер:
1 Святослав Матасов
2 Дидар Қасенов
3 Хуслен Ариунжаргал (Моңғолия)
Әйелдер:
1 Анна Мельник
2 Алеся Бочкарева
3 Евгения Вадутова
7 қыркүйекте шаңғы жарысы бойынша ҚР Чемпионаты аясында спортшылар масс-стартта өнер көрсетеді. Жарыс FIS мәртебесіне ие, спортшылардың нәтижелері шаңғы роллерлерінен Азия Кубогы есебіне өтеді.