Щучинск қаласында Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы базасында шаңғы жарысы бойынша ҚР жазғы Чемпионаты жалғасуда. 7 қыркүйекте республикалық біріншілік аясында шаңғы роллерлерінен Азия Кубогының қорытынды старты өтті. Спортшылар бұқаралық стартта бақ сынасты. Жарысқа Азияның 7 елінен 100-ден астам спортшы қатысты.
Массөстарт қорытындысы бойынша көшбасшылар үштігін құрады:
Ерлер:
1 Султан Базарбеков
2 Денис Волотка
3 Ернар Нурсбеков
Әйелдер:
1 Дарья Ряжко
2 Тамара Эбель
3 Елизавета Толмачева
Шаңғы жарысынан ҚР жазғы чемпионаты 8 қыркүйекте жалғасады. Спортшылар кросста өнер көрсетеді.