НҰР-СҰЛТАНДА ДЕНИС ТЕНДІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Атақты қазақстандық спортшыны еске алуға арналған Denis Ten Memorial Challenge халықаралық турниріне қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының мәнерлеп сырғанаушылары Багдан Рахишова, Анна Левковец, Сабина Насырова, Олег Мельников, Артур Смағұлов, Данил Пак қатысты. Жарыс 28-31 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс-Арена» мұз сарайында өтті.
Денис Тен Мемориал Челленджінің қорытындысы бойынша конькимен жалғыз сырғанаудан ересектер арасында Бағдан Рахишова 10-орынға ие болды. Кіші топта Анна Левковец бесінші, Олег Мельников турнирлік кестеде 7-ші, Артур Смағұлов 9-шы орынға табан тіреді. Мұздағы биде ҚСТ ОДО спортшысы Данил Пак София Лукинскаямен жұптасып төртінші орынға ие болды.
Денис Тен Мемориал Челлендж – Халықаралық конькимен сырғанау одағының (ISU) қамқорлығымен өткізілетін Челленджер сериясының жетінші кезеңі. Турнирге 16 елдің спортшылары қатысты, оның ішінде 2021 жылғы әлем чемпионатының жүлдегерлері мен 2022 жылы Бейжіңде өтетін Олимпиада ойындарының жүлделеріне үміткерлер бар. Төрешілер алқасының құрамында ISU халықаралық федерациясының жоғары санатты 36 судьясы қатысты.
МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТУРНИР ПАМЯТИ ДЕНИСА ТЕНА
ПРОШЕЛ В НУР-СУЛТАНЕ
Фигуристы Центра Олимпийской подготовки по зимним видам спорта Багдана Рахишова, Анна Левковец, Сабина Насырова, Олег Мельников, Артур Смагулов и Данил Пак выступили на Международном турнире Denis Ten Memorial Challenge памяти знаменитого казахстанского спортсмена. Соревнования проходили в ледовом дворце «Барыс-Арена» в городе Нур-Султане 28-31 октября.
По итогам Denis Ten Memorial Challenge Багдана Рахишова заняла 10 место среди взрослых в одиночном катании. В группе юниоров Анна Левковец стала пятой, Олег Мельников занял 7-ю строчку турнирной таблицы, Артур Смагулов на 9-м месте. В танцах на льду спортсмен ЦОП по ЗВС Данил Пак в паре с Софией Лукинской стали четвертыми.
Denis Ten Memorial Challenge – седьмой этап из серии Challenger, проходящий под эгидой Международного союза конькобежцев (ISU). В турнире приняли участие спортсмены из 16 стран, в том числе призеры Чемпионата мира-2021 и претенденты на награды Олимпийских игр-2022 в Пекине. Судейский состав представил 36 судей высшей категории Международной Федерации ISU.