Қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары шорт-тректен жасөспірімдер арасында өткен ҚР чемпионатында жеңіс тұғырды толығымен иеленді. Көпсайыстың қорытындысы бойынша Санжар Жанисов пен Алина Әжғалиева жарыстың көшін бастады. Күміс жүлдегерлер – Айбек Темірхан мен Гүлдана Жалмұхан, қола – Валерий Клименко мен Ақнұр Жанаділ. Сондай-ақ Чемпионаттың жүлдегерлері қатарында ҚСТ ОДО спортшылары Әлішер Әбілқатимов, Гүлбағым Қали, НаргизУмарова және басқа да спортшылар бар.
Біріншілік 1-3 желтоқсан күндері елорданың «Алау» Мұз сарайында өтті. Жарысқа Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларынан 90-нан астам спортшы қатысты. Аталған жарыстар 2022 жылы наурыз айында Польшада өтетін жасөспірімдердің Әлем чемпионатына іріктеу болды.