Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының мәнерлеп сырғанаушылары Багдана Рахишова мен Сабина Насырова – Алматы – 2021 қала чемпионатының жеңімпаздары. Багдана ересектер арасында, Сабина жас қыздар арасында чемпион атанды. Қос спортшы да қысқа бағдарламадан кейін көшбасшылық орынға шықты. Еркін сырғанауды сәтті аяқтап, бірінші орынды сақтап қалды.
Мәнерлеп сырғанаудан Алматы – 2021 қала Чемпионаты 3-5 желтоқсан күндері «Халық Арена» Мұз сарайында өткізілді. Жарысқа Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Шығыс Қазақстан облысынан 50-ден астам спортшылар бақ сынады.