ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МЫҚТЫ ШАҢҒЫШЫЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

29_04_22.jpg

ҚСТ ОДО шаңғымен жарысушылары Щучинск қаласындағы оқу-жаттығу жиыны аясында Ақмола облысының ҚР Кубогіне қатысты. Жарыстар 3-4 желтоқсан күндері Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында өтті. Жарысқа Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласынан 200-ден астам спортшы қатысты. Сынаққа ақмолалықтардың есебі кірді, қалған спортшылар жарыстан тыс қатысты.

Кубоктің қорытындысы бойынша ҚСТ ОДО спортшыларының қоржынына 4 медаль салынды – 2 алтын Чингиз Есимсеитовтің, «алтын» мен «күміс» Аружан Сабированың  есебінде. Қос спортшы да Көкшетау қаласының атынан сынға түсті. Олар татьяна Сергеевада, Евгения Волошенко мен ҚСТ ОДО аға жаттықтырушысы Олег Бушмакинде жаттығады.

Сонымен қатар, біздің шаңғымен жарысушы спортшылар Касенов Дидарды, Ернар Нурсбековті, Ильяс Исабекті, Рамиль Шамсутдиновті, Аида Хажиеваны, Мария Геращенконы, Елизавета Толмачеваны, Лаура Киныбаеваны, Ирина Тятованы атап өту керек. Олар Қазақстанның басқа облыстарының өкілдері бола тұра, жарыстан тыс өнер көрсетті. Соған қарамастан, Ақмола облысының шаңғышыларына қарағанда анағұрлым жақсы өнер көрсетті.