Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының конькимен жүгірушісі Алина Дауранова жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының келесі кезеңінде екі жүлдені – 1000 м қашықтықта «күміс» және 500 метр қашықтықта «қола» жеңіп алды. ОДО спортшысының жеке қоржынында барлығы 4 марапат бар – екеуі екінші орын үшін және екеуі үшінші орын үшін. Қазіргі уақытта қазақстандық конькиші жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының жалпы классификациясының кестесінде 2-ші қатарда тұр.
Алина Дауранова конькимен жүгіру спортына 10 жасында келді. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының атынан және ҚР жастар құрамасының сапында өнер көрсетеді. «Ү» командасының мүшесі болып табыылады (жас спортшыларды дамытуға арналған ISU қолдауымен құрылған конькимен жүгірушілердің Ұлттық федерациясы). Татьяна Михайлевада, Дмитрий Обатуровта және ҚСТ ОДО конькимен жүгіру спорты бойынша аға жаттықтырушысы Александр Жигинде жаттығады. Алина Дауранова – түрлі республикалық жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері болып табылады.
Әр түрлі қашықтықтағы ЖӘК ІІ кезеңінің үздік 10-дығына ҚСТ ОДО спортшылары Дарья Гаврилова, Инесса Шумекова, Андрей Семенов кірді. Эстафетада Қазақстан құрамасы 6-шы нәтиже көрсетті. Жеңіс тұғырынан бір қадам қалғанда масс-стартта спортшыларымыз Андрей Зуев пен 1500 м қашықтықта Нұралы Ақжол шықты.
Желтоқсанның 4-5-і күндері Германияда конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының ІІ кезеңінің старты өтті. Келесі кезең 22-23 қаңтарда Австрияның Инсбрук қаласында өтеді.