ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУШЫЛАР ВЕНГРИЯДА SANTA CLAUS CAP ӨНЕР КӨРСЕТТІ

29_04_20.jpg

    Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының мәнерлеп сырғанаушы спортшысы Багдана Рахишова, 5-10 желтоқсан күндері Венгрияда өткен Santa Claus Cup халықаралық турнирінде өнер көрсетті. Қысқа және еркін сырғанау бағдарламаларының нәтижесі бойынша біздің спортшы 120,22 ұпай жинады және 11 орынға тұрақтады.  

   Багдана Рахишова – Алматы қаласынан шыққан жас, келешегі бар спортшы. Мәнерлеп сырғанаумен 4 жасынан бастап айналысады. Көптеген республикалық турнирлердің жеңімпазы әрі жүлдегері болып табылады.

   Santa Claus Cup – конькимен жарысу спортының Венгрия ұлттық федерациясы жыл сайын  Будапешт қаласында өткізетін халықаралық жарыс. Турнирдің медалі үшін жалғыз сырғанау мен мұз үстіндегі биден ерлер мен әйелдердің барлық жас ерекшелік санаты бойынша спортшылар бақтарын сынайды.