Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының биатлоншылары Арна Касенова, Ксения Долгополова мен Алина Скрипкина IBU Кубогінің кезеңдерінде Қазақстан намысын қорғауда. 25 қараша мен 19 желтоқсан аралығында Швецияда, Норвегияда және Австрияда өткен халықаралық жарыстың 3-ші кезеңінің қорытындысы бойынша Алина Скрипкина ҚСТ ОДО спортшылары арасында ең жақсы нәтижеге ие болды - Норвегияның Шушен қаласында спринтте 78 орын. IBU кубогының келесі кезеңі 8-9 қаңтарда Словакияда өтеді.
Айтпақшы, IBU кубогы үшін жарыстар арасындағы үзіліс кезінде біздің спортшыларымыз Австрия кубогына да қатысты, онда Алина Скрипкина екі рет жеңіс тұғырына көтеріліп, жасөспірімдер арасындағы жарыста 1-ші және 3-ші орындарға ие болды.