ҚР V ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДАСЫ: «ҚОЛА» «ЖЕКЕДЕ» ЖӘНЕ ШАҢҒЫМЕН ЖАРЫСУШЫЛАРДЫҢ КОМАНДАЛЫҚ ЖАРЫСТАҒЫ ЖЕҢІСІ

29_04_14.jpg

     Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шаңғымен жарысушылары Қазақстан Республикасының V қысқы Спартакиадасына қатысты. Жарыс  18-25 желтоқсан аралығында Сарбаз шатқалындағы (Алматы облысы) «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінің трассаларында өтті. Спартакиада аясында спортшылар классикалық жарыс, эстафета, «классикалық» спринт, командалық конькимен жүгіру және масс-старттан өтті.

    Жарыс қорытындысы бойынша жекелей сында Лаура Қыныбаева масс-стартта 15 шақырым қашықтықты 37 минут 26 секундта бағындырып, қола медальға қол жеткізді.

    Қысқы Спартакиадада бірнеше рет ҚСТ ОДО шаңғышылары жеңіс тұғырына көтеріліп, командалық старттарда жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Павлодар облысының командасы сапында Елизавета Толмачева эстафеталық жарыста 2 орынға ие болды. Сол жарыста Шығыс Қазақстан облысының спортшылары Ирина Тятова мен Виктория Колесникова 3-ші нәтиже көрсетті. Командалық спринтте Қостанай облысының құрама командасы сапында өнер көрсететін Лаура Кыныбаева мен Мария Люфт екінші болды.

    Командалық спринт және эстафеталық жарыстарда Дидар Қасенов «алтын» және «күміс» жеңіп алды. Ілияс Исабектің еншісінде бір қашықтықта екі күміс бар. Екі спортшы да спартакиадада Шығыс Қазақстан облысының командалары үшін өнер көрсетті.Артем Завьялов Қостанай құрамасының құрамында жалпы марапаттар қорына эстафетада қола медаль әкелді.