КОНЬКИМЕН ЖАРЫСУ СПОРТЫ БОЙЫНША ЖӘК: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАРДЫҢ ӘДЕМІ МЕДАЛЬ СЫҢҒЫРЫ

 

29_04_7.jpg

  Жақында ғана Австриядан жақсы хабар келді – 22-23 қаңтар күндері Инсбурке қаласында өткен конькимен жарсы спорты бойынша жасөспірімдердің Әлем чемпионатының ақтық кезеңінде Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары жеке сында 2 медаль алды және командалық жарыста жалпы қоржынға 2 медаль салды. 

   Жеке сында екі жүлдені 1000 м қашықтықта «күміс» және 1500 м қашықтықта «қола» Алина Дауранова жеңіп алды. Жалпы, жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының үш кезеңінің қорытындысы бойынша спортшы 7 медаль жеңіп алды: 4 «күміс» және 3 «қола». ЖӘК жалпы есепте Алина Дауранова 1500 метрге жүгіруде бірінші, 1000 метрге екінші, 500 метрге жүгіруде үшінші орын алды.

    Жасөспірімдер арасындағы командалық спринтте Алина Дауранова, Инесса Шумекова және Дарья Гаврилова өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. ҚСТ ОДО 2 спортшысы – Андрей Семенов пен Никита Важенин бар жасөспірімдер командасы құрметті үшінші орынды иеленді.