Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының мәнерлеп сырғанаушысы Багдана Рахишова Skate Helena-2022 халықаралық турнирінде өнер көрсетті. Мәнерлеп сырғанаудан халықаралық жарыстар 19-23 қаңтар күндері Сербия астанасында өтті. Қысқа және еркін бағдарлама қорытындысы бойынша біздің спортшы 138,08 ұпай жинап, 4 орын алды.
Skate Helena – мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир. 2001 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі. Турнир Еуропа және әлем чемпионаттарына қатысушы, югославтық мәнерлеп сырғанаушы Хелена Пайовичтің құрметіне аталған. Спортшы 2000 жылы, қола медаль жеңіп алған Skate Israel турнирінен үйіне қайтып келе жатқанда жол апатынан қаза тапқан. Хелена Пайовичті есте қалдыру мақсатында Сербияның конькимен жарысу спортының Федерациясы Елена Пайович кубогіне жарыс ұйымдастырды.
Биылғы жылы Skate Helena жарысына Словения, Венгрия, Румыния, Сербия, Қазақстан, Болгария, Греция, Хорватия, түркия, Мексика, Ирландия, Босния және Герцоговина, Македония сияқты елдерден 100-ден астам спортшы қатысты.