АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ!

29_04_5.jpg

     Александра Троицкая – қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығының тау шаңғышысы, «Шымбұлақ» шаңғы клубының тәрбиеленушісі, әртүрлі республикалық жарыстар мен ФИС-старттардың бірнеше дүркін жеңімпазы мен жүлдегері, 2020 жылы Лозаннада өткен жасөспірімдер Олимпиадасының қатысушысы..

     Александра тау шаңғысымен 8 жасынан бастап айналысады. Бүгінде ол Роман Григорьевте, Марк Шпарбергте және ҚСТ ОДО аға жаттықтырушысы Дмитрий Квачте жаттығып жүр. 2019 жылы Сахалинде өткен «Азия балалары» жарысында жақсы нәтиже көрсетіп, ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен А.Троицкая Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын растады. Осы маусымда Италиядағы старттарда өту ұпайларын жинап, үйдегі Спартакиадада жеңіске жеткен ол Қысқы Олимпиада ойындарына лицензия алды.

    — 2015 жылдан бергі менің арманым – Олимпиада ойындары. Ал, соңғы 4 жылда – алға қойған мақсатым, сол үшін де жаттығулардың бір де бірін жібермедім,- деп спортшы қыз ағынан жарылды.