Жыл сайын қаңтардың үшінші жексенбісінде Халықаралық қысқы спорт түрлері күні (немесе басқаша айтқанда World Snow Day-Дүниежүзілік қар күні) атап өтіледі. Мерекенің бастамашысы және негізін қалаушы FIS-тің ойынша, Дүниежүзілік қар күні қысқы спорт түрлері мен белсенді, салауатты өмір салтын насихаттауға қызмет етуі керек.
Алғаш рет World Snow Day 2012 жылы қарсы алынды. Мерекеге әлемнің 20-дан астам елі қосылды, олардың ішінде АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Швейцария, Норвегия, Польша, Қазақстан және басқалары бар. Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында Щучинск қаласында Халықаралық қысқы спорт түрлері күніне орайластырылған Қар фестивалі 2019 жылдың қаңтарында өтті. Іс-шара аясында Қазақстанның түрлі облыстарынан 2 жастан 16 жасқа дейінгі 350 бала шаңғы жарысына қатысты. Халықаралық шаңғы жарыстары Федерациясы (FIS) фестивальді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ҚСТ бойынша ОДО ұжымына алғысын білдіріп, орталықтың «балаларды қарда ойнат» халықаралық бағдарламасына қосқан қомақты үлесін атап өтті. Болашақта мәдени-бұқаралық іс-шараларға тыйым салынбаған кезде, біз Қар күнін біздің орталықтың базасында атап өту дәстүрін жалғастырамыз.
Қысқы атлеттерді, жаттықтырушыларды және қысқы спорт түрлерінің барлық әуесқойларын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Сіздерге республикалық және халықаралық аренада табыстар, жеңістер, жоғары жетістіктер тілейміз!