Жасөспірімдер арасындағы коньки тебуден ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: Y КОМАНДАСЫ 2 МЕДАЛЬ АЛДЫ!

     29_04_3.jpg

     Қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығының конькимен жүгірушісі Алина Дауранова халықаралық жарыстарда кезекті медальға қол жеткізді. Бұл жолы ол 1000 м қашықтықта жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының «күміс» жүлдесін жеңіп алды. Қазақстандық конькишілерге тағы бір «трофей» командалық спринтте – Алина Дауранова, Инесса Шүмекова және Дарья Гаврилова ЖӘЧ қола жүлдегерлері атанды.

     28-30 қаңтарда Австрияның Инсбрук қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтті. Старттарға Австрия, Венгрия, Германия, Испания, Италия, Қазақстан, Корея, Нидерланды, Норвегия, Польша, Ресей, АҚШ, Чехия елдерінің жас спортшылары қатысты.