КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУ СПОРТЫ БОЙЫНША ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КӨШБАСШЫЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

11_10.jpg

       Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының конькишілері Андрей Семенов пен Мария Деген 3-13 ақпанда Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында өткен ҚР жеке-командалық Чемпионатында өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша, Андрей Семенов 500 м, 1000 м, 1500 м, 3000 м қашықтықта төрт алтын медаль жеңіп алды. Мария Деген жеке қоржынын үш қола жүлдемен (500м, 1000м, 1500 м қашықтықта) және 3000 м жүгіруде бір күміс медальмен толықтырды.

     Екі спортшы да, Қостанай облысының намысын қорғады, Чемпионаттың жалпы есебі бойынша 1 орынды иеленді.