НОРВЕГИЯДАҒЫ ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ӨНЕР КӨРСЕТТІ

11_8.jpg

    ҚР жастар құрамасының қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шаңғышылары Ернұр Бексұлтан, Ернар Нурсбеков, Дидар Касенов, Елизавета Толмачева, Лаура Киныбаева, Мария Люфт және Мария Геращенко әлем чемпионатына қатысты. Жарыс аясында "классика" жарысы, еркін стильдегі спринттер, масс-старт, эстафеталар өтті.     Әлем біріншілігінің қорытындысы бойынша, ҚСТ ОДО спортшылары бойынша, үздік нәтижені масс-стартта Ернұр Бексұлтан көрсетті. 30 км қашықтықтағы жарыста 30 үздік спортшылар қатарына енді және 24-орынға ие болды. Ерлер эстафетасында қазақстандық құрама команда спорьшылары Ернұр Бексұлтан, Ернар Нурсбеков және Дидар Касенов 15-ші болды. ҚР аралас эстафета құрамасындағы ҚСТ ОДО спортшысы Лаура Киныбаева хаттамада 15-ші орынға ие болды.     Шаңғы жарысы-2022 әлем чемпионаты 22-27 ақпанда Норвегияның Лугне қаласында өтті. Жарысқа Австрия, Беларусь, Болгария, Германия, Италия, Испания, Қазақстан, Канада, Қытай, Латвия, Норвегия, Польша, Ресей, Румыния, Словения, Словакия, АҚШ, Украина, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Эстония, Жапония спортшылары қатысты.