Щучинск қаласындағы Қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық дайындау орталығының базасында 25 ақпанда Қазақстан Олимпиадалық құрамасының Бейжіңде өткен ҚОО - 2022 жарысындағы өнерінің қорытындысы бойынша, ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев және Қазақстан Республикасының Олимпиадалық комитетінің директоры Елсияр Қанағатов қатысуымен жиналыс өтті.
Қысқы Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында Қытайда өтті. Қазақстандық спортшылар арасында шорт-трекші Абзал Әжғалиев ең үздік нәтиже көрсетті – 500 м қашықтықта 4-орынға ие болды .Өкінішке орай, біздің спортшылар 2022 жылғы Олимпиада ойындарында бірде-бір медаль ұта алмады. Отырыста әлсіз көрсеткіштердің себептері мен спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру мүмкіндігі қызу талқыланды.
– Ұлттық құрамалардың дайындығын жоспарлауда үлкен қадам жасауымыз керек. Бұған енді Спорт дирекциясы жіті атсалысатын болады, – деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев. – Біз мүмкіндігінше барлығын жұмылдырып, спортымызды жаңа сапалы деңгейге көтеруіміз керек.
Кездесуден кейін Мәдениет және спорт министрі қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығының – шаңғы трамплиндері кешенінің, шаңғы-биатлон стадионының, Спорт кешенінің, Медициналық оңалту орталығының нысандарымен танысты.Сонымен қатар, министр Щучинск қаласына сапары барысында қаладағы басқа да спорт нысандарын аралады.