Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шаңғышысы София Величко Елена Панченконы еске алу құрметіне ұйымдастырылған Бүкілресейлік жарыстардың күміс жүлдегері атанды. Біздің тағы бір спортшымыз Валерия Квач медальға жақын болды, спортшымыз алып- слалом тәртібіндегі жарыста 4-ші орынға ие болды. Е. Панченконы еске алу құрметіне ұйымдастырылған Бүкілресейлік жарыстар 22-25 ақпанда Междуреченск қаласындағы Югус Тауында өтті. Жарысқа Ресей мен Қазақстаннан 11-14 жас аралығындағы 200-ден астам жасөспірімдер қатысты. Шаңғышылар алып слалом мен слалом тәртібінде жарысты. Ресейде бұл жарыстар 40 жыл бойы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бірнеше рекордшы, 1980 жылы автокөлік апатынан қайтыс болған шаңғышы Елена Панченконың туған қаласында өткізіліп келеді.