МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУДАН ҚР КУБОГЫ БАСТАЛДЫ

11_5.jpg

    Қызылорда қаласында мәнерлеп сырғанаудан ҚР Кубогы басталды. Жарыс 23-27 ақпан күндері "Мұз айдыны"спорт кешенінде өтті. Жарысқа Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстарынан, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан 63 спортшы қатысты.    Жасөспірімдер арасындағы ҚР Кубогінің I кезеңінің қорытындысы бойынша қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары барлық құрмет тұғырын иеленді. Бірінші сатыда – Олег Мельников, екінші сатыда – Никита Кривошеев, үшінші сатыда – Артур Смагулов. Үлкен жас санатында Сабина Насырова үшінші орынға ие болды.
Мәнерлеп сырғанаудан ҚР Кубогының екінші кезеңі бір айдан кейін Алматыда өтеді.