3-5 наурызда Польшаның Закопане қаласында шаңғымен трамплиннен секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтті. Жарысқа Австрия, Германия, Италия, Қазақстан, Канада, Лихтенштейн, Норвегия, Польша, Румыния, Словения, Словакия, АҚШ, Украина, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Эстония, Жапония спортшылары қатысты.
Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша, қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шаңғышылары арасында жеке есепте ең үздік нәтижені Святослав Назаренко көрсетті. Командалық секіруде ҚСТ ОДО атлеттері Святослав Назаренко мен Ильшат Қадыров өнер көрсеткен Қазақстандық команда 10-орынға ие болды.
Сондай-ақ, 2-5 наурыз күндері Закопанда шаңғы қоссайысынан әлем чемпионаты өтті, онда қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының спортшысы Асқар Әли өнер көрсетті. Жеке есеп қорытындысы бойынша, біздің шаңғышы 49-шы орынды иеленді, командалық турнирде қазақстандық команда 12-ші орынға ие болды.