Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының конькишісі Алина Дауранова ҚР чемпионатында 4 алтын медаль жеңіп алып, конькимен жүгіру көпсайысы бойынша Қазақстанның жаңа рекордын орнатты.
ҚРЧ старттары 2-4 наурызда Нұр-Cұлтан қаласындағы «Алау» мұз сарайында өтті. Жарыс аясында атлеттер 500, 1000, 1500, 3000, 5000 метр қашықтықты жүріп өтті. Сондай – ақ, командалық тәртіпте және спринт бойынша жарысты.
ҚР Чемпионатында ҚСТ ОДО спортшылары барлығы 36 медальді (18 алтын, 8 күміс, 10 қола) қоржынға жинады. Конькимен жүгірушілер командалық сайыста қоржынды тағы 8 жеңіспен (4 бірінші орын, 3 – екінші және 1 - үшінші орын) толықтырды. ҚР Чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында Алина Дауранова, Мария Деген, Дарья Гаврилова, Елизавета Беркхайм, Мария Кузнецова, Кристина Шумекова, Екатерина Кузяткина, Ксения Яковлева, Андрей Семенов, Нұралы Ақжол, Андрей Зуев, Данил Березуцкий, Никита Важенин, Роман Биназаров есімдері аталды.
Жасөспірімдер арасындағы көпсайыс қорытындысы бойынша, Алина Дауранова мен Нұралы Ақжол көш бастады. Андрей Зуев пен Данил Березуцкий екінші және үшінші орындарды бөлісті. Кристина Шумекова орта жастағы қыздар арасында екінші орын алды. Жасы үлкен жасөспірім ұлдар арасында Андрей Семенов және жас қыздар арасында Дарья Гаврилова бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ, Мария Деген мен Екатерина Кузяткина көшбасшылар үштігіне енді.