СНОУБОРДШЫЛРҒА АРНАЛҒАН КҮМІС!

11_2.png

    Қысқы Олимпиадалық спорт түрлері бойынша дайындалу орталығының сноубордшысы Виктория Рожина Полина Петроченконы еске алуға арналған Бүкілресейлік жарыста күміс медаль жеңіп алды. Старттар 2-5 наурызда Новосібірдегі Горский сноуборд саябағында өтті. Жарыста Ресей мен Қазақстаннан 12-15 жас аралығындағы 100-ден астам сноубордшы бақ сынады.

    Полина Петроченко – новосібірлік сноубордшы, сноуборд кросс бойынша Ресей жастар құрамасының мүшесі. 2010 жылдың қыркүйегінде спортшы Швейцарияның Саас-Фи қаласындағы оқу-жаттығу жиынында қайғылы қазаға ұшырады. Полина Петроченконы еске алуға арналған жарыстар алғаш рет 2011 жылы өтті. Турнир аясында спортшылар биг-эр, параллель слалом және сноуборд кросс түрлерінен медальдар үшін таласады.