ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ЕҢБЕК СІҢІРГЕН СПОРТ ШЕБЕРІ НИКОЛАЙ ЧЕБОТЬКОНЫ ЕСКЕ АЛУ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

4_9.jpg

    15-16 наурызда қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында еңбек сіңірген спорт шебері Николай Чеботьконы еске алуға арналған шаңғы жарысы өтті. Жарысқа Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарынан және Нұр-сұлтан қаласынан 8-16 жас аралығындағы 350-ден астам жас шаңғышылар қатысты. Спортшылар классикалық және еркін жүріспен жарысты.     Жеңімпаздар екі жарыстың қорытындысы бойынша анықталды. Өз жас топтарында Милан Мамедова, Лейла Кусаинова, Евгения Снурницина, София Селезнева, Берик Боранбаев, Ратмир Югай, Өмірсерік Төреғали, Нариман Бримжан жарыс көшбасшылары атанды. Ең жылдам алтылыққа енген спортшыларға естелік сыйлықтар берілді .     Николай Чеботько - Қазақстандық шаңғышы, төрт мәрте олимпиада ойындарының қатысушысы, әртүрлі Республикалық және Халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері. Өзінің мансабында ол Әлем кубогының кезеңдерінде топ-10-ға 30-дан астам рет енді. Николай Чеботько Щучинск қаласының өміріне белсенді қатысып, балалар мен жасөспірімдер спортының дамуына көңіл бөлген. 2010 жылдан бастап ол жыл сайын өз бастамасы бойынша Республикалық балалар жарыстарын ұйымдастырған. Сондай-ақ, жас шаңғышылар үшін шеберлік сабақтарын өткізген. 2021 жылдың 24 қаңтарында атақты спортшы жол апатынан қайғылы қаза тапты.