Щучинск қаласындағы қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығында шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Ұлттық біріншілікке Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар
облыстарының және Нұр-сұлтан қаласының спортшылары қатысады. 21-23 наурызда ҚРЧ аясында ерлер мен әйелдер арасында командалық жарыстар, аралас эстафеталар және командалық спринт жарыстары өтті.
Чемпионаттың үш күнінің қорытындысы бойынша, қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының команда құрамы шаңғы жарысында 3 жеңіске жетті. Аралас эстафетада Анастасия Ротова мен Лаура Киныбаева Қостанай облысының құрамасында өнер көрсетіп, екінші орынға ие болды. Әйелдер эстафетасында Қостанай командасы күміс жүлдеге ие болды. Құрмет тұғырының екінші сатысына ҚСТ ОДО спортшылары Анастасия Ротова, Лаура Киныбаева және Мария Люфт көтерілді. Павлодар облысының құрамасында Елизавета Толмачева қола жүлдегер атанды. Айта кету керек, жасөспірімдер аталған жарыстарда ҚР Ұлттық құрамасының спортшыларымен бір сынақта өнер көрсетті. 25-28 Наурызда спортшыларға классикалық жүрістегі спринт жарыстары, еркін стильдегі жеке жарыс және 30/50 км. масс-старт күтілуде, бұл жарыстар халықаралық шаңғы спорты федерациясының (FIS) қамқорлығымен өтеді. Ұйымдастырылған старттар қазақстандық спортшыларға қосымша FIS ұпайларын табуға және шаңғышылардың әлемдік рейтингіндегі өз позицияларын жақсартуға мүмкіндік береді.