ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФРИСТАЙЛ-АКРОБАТШЫ ЕУРОПАНЫ ТАҢ ҚАЛДЫРДЫ

5_8.jpg

   Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының фристайл-акробатигi Маржан Ақжігіт халықаралық жарыстарда кезектi рет құрмет тұғырына көтерілді. 18-19 наурызда Швейцарияда өткен Еуропа Кубогы кезеңінде біздің спортшы үшінші орынға ие болды.    23-24 Наурызда Италиядағы Кьеза-ин-Вальмаленко тау шаңғысы курортында өткен халықаралық жарыстардың келесі кезеңінде Маржан Ақжігіт жарыстың бірінші күнінде күміс жүлдегер атанды.    Фристайл-акробатикадан Еуропа Кубогы кезеңінде спортшымыздың есебінде 6 жеңіс: 1 «алтын», 4 «күміс» және 1 «қола» бар. Кубоктың жалпы есебінде Маржан Ақжігіт бірінші орынға ие болды.
 
   Еуропа кубогының кезеңдеріне Беларусь, Қазақстан, Канада, АҚШ, Украина, Швейцария елдерінен шаңғы акробаттары қатысты.