МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

5_9.jpg

     Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының директоры Муратбек Кипшакбаев шаңғы жарысы бойынша, ҚР чемпионатын (FIS) өткізу кезінде федерациялардың өкілдерімен, ҚР ұлттық және жастар құрамасының жаттықтырушыларымен, Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен шаңғышылардың өскелең ұрпағының тәлімгерлерімен кездесу өткізді.

    Кездесуде жаттықтырушылар мен федерация өкілдері Орталық басшылығымен қазақстандық спортшылардың халықаралық аренадағы нәтижелерін жақсарту үшін өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады, ҚР жастар құрамасын — ұлттық командаға резерв дайындау, жастар құрамасының жаттықтырушылар құрамын қалыптастыру, алдағы жарыс маусымына күнтізбелік жоспар жасау бойынша ағымдағы мәселелерді қарастырды.