ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ: ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАҒА ЛАЙЫҚТЫ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚҰРАДЫ

6_2.jpg

    Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шаңғы жарысы ҚР чемпионатының (FIS) жеке старттарында: классикалық стильдегі спринтте, 10/15 км-де «конькимен жүгіру» және 50/30 км-де «классика» бойынша өнер көрсетті.    Айта кету керек, ҚСТ ОДО шаңғышылары ұлттық құрама спортшыларына лайықты бәсеке құрады. Мысалы, жеке жарыста Лаура Киныбаева, Анна Мельник пен Дарья Ряжконы басып озып, төртінші орынға ие болды. Масс-старт қорытындысы бойынша Ернұр Бексұлтан 6-орынға ие болып, «гүл рәсіміне» қатысты. Сондай-ақ, Ильяс Исабек, Рамиль Шамсутдинов, Дидар Касенов, Мария Люфт, Аида Хажиева, Мария Геращенко ҚР чемпионатының топ-10 құрамына енді.