Қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығының сноубордшылары Кирилл Замятин мен Екатерина Глазкова жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында өнер көрсетті. Жарыс 31 наурыздан 2 сәуірге дейін Италияда өтті. Чемпионат аясында спортшылар параллель алып слаломда, параллель слаломда және командалық аралас параллель түрінде жарысты. ЖӘЧ-2022 жарысына Австрия, Беларусь, Великобритания, Венгрия, Германия, Греция, Италия, Қазақстан, Канада, Корея, Нидерланд, Польша, АҚШ, Украина, Чехия, Швейцария, Жапония спортшылары қатысты. Қазақстандық атлеттер өздерінің үздік нәтижелерін параллель алып слаломда көрсетіп, Кирилл Замятин сынақ кестесінің 32-ші орынға, Екатерина Глазкова 36-шы орынға ие болды. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаттары жыл сайын 20 жасқа дейінгі спортшылар үшін халықаралық шаңғы Федерациясымен (FIS) өткізіледі. Алғаш рет сноубордтан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі 1997 жылы Италияның Корно алле Скале шаңғы курортында өтті.