СПОРТ БАЛАЛАРДАН БАСТАЛАДЫ

6_4.jpg

     1-4 сәуірде қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында балалар арасында Қазақстан биатлоншылары Одағының кубогына жарыс өтті. ҚБО Кубогы аясында қуалап жарысу және спринт жаырсы өтті. Жарысқа Ақмола, Ақтөбе, Ал-маты, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан және Алматы қаласынан 100-ден астам жас спортшы қатысты.      ҚБО кубогының қорытындысы бойынша Никита Дудченко мен Ангелина Афанасьева абсолютті көшбасшылар ретінде көзге түсті. Егор Немцев пен Варвара Небогатова екі рет жарыстың күміс жүлдегерлері атанды. Наталья Серованың есебінде 2 «қола» жүлде бар. Сондай-ақ, құрмет тұғырына Кирилл Кирьянов, Роман Радченко, Кирилл Зотов, Максим Михин, Леонид Жулин, Владислав Сподин, Захар Машков, Милена Машковская, Анастасия Щедрина, Милана Дымовских, Екатерина Кошкарева көтерілді. Жарыстың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.     Қазақстан биатлоншылар Одағының кубогы балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту бағдарламасы аясында өткізілді. Аталған жарыстардың маңызды міндеттерінің бірі-спорт түрлерін ждети езінен бастап халықаралық жарыстарға дайындау.