ҚСТ ОДО ШАНҒЫШЫЛАРЫ МЕН БИАТЛОНШЫЛАРЫ БАЛКАШИНОДАҒЫ «АҚ МАРАФОНДА» ӨНЕР КӨРСЕТТІ

6_5.jpg

    Қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығының шаңғышылары мен биатлоншылары 1988 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегері Владимир Сахновқа арналған жыл сайынғы «Ақ марафонда» өнер көрсетті. Жарыс 3 сәуірде атақты спортшының отаны – Балкашино ауылында (Ақмола обл.) өтті. "Ақ марафон"-2022 Қазақстанның 10 өңірінен 7-80 жас аралығындағы 300-ден астам қатысушыларды жинады.    Марафон қорытындысы бойынша, ҚСТ ОДО атлеттері 5 марапатқа ие болды, оның ішінде бірінші орын үшін – 3 және екінші орын үшін-2 жеңісті иеленді. Біздің спортшыларымыз Вадим Куралес, Антон Гуров, Артем Завьялов, Анастасия Ротова және Елизавета Толмачева өздерінің жас топтарында жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды.    «Ақ марафон» 30 жылдан астам уақыт өткізіліп келеді, сондай-ақ, Қазақстаннан ғана емес, жақын және алыс шетелдерден келетін көптеген қатысушылардың басын қосатын іс-шаралардың бірі.