ДҰРЫС ЖОСПАРЛАУ = НӘТИЖЕ

6_8.jpg

    Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында 18 сәуірде жаттықтырушылар кеңесінің отырысы өтті, онда 2021-2022 жылдарға дайындық мәселелері талқыланды.    Мысалы, конькимен жүгіру спорт бөлімінің спортшылары жоғары нәтиже көрсетті. Жасөспірімдер командасы жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы мен әлем чемпионаты кезеңдеріндегі ең ірі халықаралық жарыстарда 10 медаль жеңіп алған болатын. Марапаттардың көпшілігі ҚСТ ОДО-ның конькимен жүгіру спорты бөлімінің спортшысы Алина Дауранованың есебінде. Орталықтың фристайл-акробаткасы Маржан Ақжігіт үшін де сәтті маусым болды. Ол Еуропа Кубогының жалпы есебінде көшбасшы болды. Фристайл-могул бөлімінің спортшысы Федор Бугаков - жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының командалық жарыстарының күміс жүлдегері атанған болатын.    Сондай-ақ, жаттықтырушылар кеңесінің отырысында алдағы қысқы маусымға дайындық барысы талқыланды. 2021-2022 жж. маусым басталар алдында қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының директоры Мұратбек Сұлтанбекұлы спортшылар мен жаттықтырушыларға ірі халықаралық жарыстарда нәтижелерге қол жеткізіп, медальдар мен жүлделі орындарға ие болу міндетін қойды. Ол қол жеткен жетістіктермен тоқтап қалмауды және көрсеткіштерді жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.   ҚСТ ОДО-ның аға жаттықтырушылары өз кезегінде қазақстандық спортшылардың нәтижелерін жақсартуға кедергі келтіретін проблемаларды атап өтті. Олардың ішінде бәсекелестік тәжірибенің қажетті көлемде болмауы, жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуі жайында атап өтті. Барлық айтылған сұрақтарды орталық басшылығы жеке бақылауына алды.    - Барлық өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешетін боламыз. Біз спортшыларды, әсіресе, жоғары нәтижелерге ұмтылған және ірі халықаралық жарыстарда медаль алуға үміткер спортшыларды қолдауға дайынбыз. Біз бір-бірімізді қолдап, жаттығу процесін дұрыс жоспарлап, жұмыс жасауымыз керек. Егер бізде дұрыс жоспарлау болса, нәтиже де болады – деп атап өтті орталықтың диреторы Мұратбек Сұлтанбекұлы.